«Open talk»:  Белсенді студенттер түлектермен кездесті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 маусым 2023
  • 659

«Open talk»:  Белсенді студенттер түлектермен кездесті

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Менің мақтанышым!» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға оқу ордасын бітірген үздік түлектер және белсенді студенттер қатысты.

Жиында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, халықаралық, республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері Мақсат Дауылбай мен ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Сыр бойы» газетінің журналисі Айдар Сайлауов отансүйгіштік, жастардың арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау турасындағы ойларымен бөлісті.

Шарада ақындар өз шығармашылығынан патриоттық өлеңдер оқыды. Ал, білім алушылар қазақ халқының терең тарихы мен мәдени құндылықтары жайлы пікірлерін ортаға салды.     

Кездесу жастардың патриоттық рухын көтеру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, әлеуметтік белсенділігін арттыру мақсатында өткізілді.

P2288564.JPG

P2288547.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...