Ғылыми журналдар ребрендингі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 маусым 2023
  • 645

Ғылыми журналдар ребрендингі

Ширек ғасырлық тарихы бар «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы» журналы биыл жаңа форматқа көшті. Оның  құрылымындағы 8 ғылыми бағыт өз алдына отау тігіп, жаңа басылымдардың алғашқы сандары оқырманына жол тартты.

Атап айтқанда, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Хабаршысы «Ауыл шаруашылығы ғылымдары», «Экономика ғылыми сериясы», «Педагогика және психология», «Математика, физика және информатиканы оқытудың өзекті мәселелері», «Техника ғылымдары және технология», «Philological sciences journal», «Biological sciences journal», «Chemistry and chemical technology journal» деген атаулармен жарық көрді.

Басылымдардың барлығы ISSN PORTAL Халықаралық орталығынан Халықаралық стандартты сериялық нөмір (ISSN - International Standard Serial Number) иемденіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Ақпарат комитетінде тіркелді.

Ғылыми кадрлар даярлау және мемлекеттік ғылыми-технологиялық мәселелерді талқылау, дамыту мәселелеріне қызығушылық танытатын ғалымдардың тәжірибе алмасуы үшін ақпараттық кеңістік құру мақсатын көздейтін журналдардың ғылыми редакторлары университетіміздің жетекші ғалымдары. Ал, редакциялық құрамда алыс, жақын шет елдердің белгілі ғалымдары топтастырылған.

Ендігі меже – жаңа журналдарды Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті бекітетін басылымдар тізіміне қосу. Жаңаша жүйеде өз жұмысын бастаған басылымдар толықтай қолданыстағы талаптарға сәйкестендіріліп отыр. Көптеген міндеттер еңсерілді, десек те алда атқарылар шаруалар тізбегі одан да ауқымды.

Ең бастысы, ғылыми жарияланымдарымыздың экономика және қоғам сұраныстары үдесінен шығады деген үмітіміз зор.

105.png   106.png   107.jpg

108.jpg   109.jpg   110.png

111.jpg   112.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...