Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 26 маусым 2023
  • 1226

Хабарландыру

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің TOEFL Аймақтық тестілеу орталығы барлық ниет білдірушілерді біздің университет қабырғасында TOEFL ITP Халықаралық емтиханын тапсыруға шақырады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті АҚШ білім беру тестілеу қызметінің ETS Global компаниясының ресми аккредиттелген өкілі болып табылады.

Тест бағасы 40 000 теңге.

Тест тапсыратын күндер 2023 жыл 1 шілде, 15 шілде.

 

TOEFL ITP емтиханын не үшін тапсыру керек?

- Қазақстандық ЖОО магистратура және PhD докторантураға түсу үшін;

- Академиялық ағылшын тілін меңгергендігін растау ретінде стипендиялық бағдарламаларға, оның ішінде "Болашақ және 500 ғалым" бағдарламасы бойынша тағылымдамаға қатысу үшін,

- Ағылшын тілі қолданылатын халықаралық алмасу және ынтымақтастық бағдарламаларына қатысу үшін.

Емтиханға тіркелу келесі сілтеме бойынша:

https://docs.google.com/forms/d/1r_Ww_jdIH-lZ9p73M-Bjy9baPZgQe5t_i4sq0sW2cfM/edit 

Емтиханға қатысу үшін қалай төлем жасауға болады?

1. Kaspi.kz қосымша арқылы төлем жасауға болады

Төлемдер → Білім беру → ЖОО үшін төлем→ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. (Факультет деген жерге TOEFL үшін төлем) деп көрсетуді ұмытпаңыздар!

2. Төлемді төменде көрсетілген деректемелер бойынша кез келген банк арқылы аударуға болады:

«Қорқыт Ата Атындағы Қызылорда университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Заңды мекен-жайы: 120014, қ. Кызылорда, Әйтеке би көшесі 29А

АО «Народный Банк Казахстана»

ИИК KZ276017201000000125 (тенге) 

БИК   HSBK KZ KX

БИН 960540000620

Тестке жазылу үшін не қажет?

- Жеке куәлік көшірмесі;

- Төлем туралы түбіртек;

Емтиханның бірінші легіне өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 30 маусымға дейін жүзеге асырылады.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің бас ғимараты, TOEFL Аймақтық тестілеу орталығы, Әйтеке би көшесі, 29-А, 2-қабат, 224 бөлме, тел. 26 29 57

Халықаралық байланыстар бөлімі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...