Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ең беделді QS WUR әлемдік рейтингіне енді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 29 маусым 2023
  • 1822

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ең беделді QS WUR әлемдік рейтингіне енді

2023 жылғы 28 маусымда Quacquarelli Symonds World University Rankings (QS WUR) – 2024 ғаламдық рейтингісінің нәтижелері 20-шы рет жарияланды. Рейтингте Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті әлемдегі 1201+ орында.

Биыл рейтингке әлемнің 104 елінен 2963 жоғары оқу орны қатысты. Рейтингке 1499 ЖОО енді, оның ішінде 21 қазақстандық ЖОО.

Сарапшылар QS World University Rankings рейтингін жасау кезінде әлем университеттерін келесі критерийлер бойынша бағалайды:

  •  Академиялық бедел -30%
  •  Дәйексөздердің орташа саны -20%
  •  Жұмыс берушілер арасындағы бедел -15%
  •  Түлектерді жұмысқа орналастыру -5%
  •  Оқытушылар құрамының студенттер санына арақатынасы -10%
  •  Шетелдік студенттердің үлесі -5%
  •  Шетелдік оқытушылардың үлесі-5%
  •  Халықаралық зерттеу желісі – 5%
  •  Тұрақтылық-5%

Университеттер әр критерий бойынша бағаланады, содан кейін осы бағалардан университеттің рейтингтегі орнын анықтайтын жалпы балл шығарылады.

Ағымдағы жылы рейтинг құрастырушылар бағалаудың үш жаңа критерийін қосты: тұрақты даму, жұмысқа орналасу және халықаралық зерттеу желісі.

Айта кетсек, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті 2014 жылдан бастап бұл рейтингке қатысып, бірте-бірте тұрақты өсуді көрсетіп келеді. Университет QS ЕЕСА-ның ТОП-300, QS Asia ТОП-551-600 құрамына енді.

Қорқыт Ата атындағы ҚУ-дың әлемдегі университеттердің беделді рейтингіне енуі-бұл жоғары оқу орны үшін маңызды оқиға, бүкіл ұжымның көп жылдық және күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік! Халықаралық қызмет, ғылыми зерттеулер, жарияланым белсенділігі, академиялық қоғамдастық пен жұмыс берушілер арасындағы жоғары бедел біздің университетке әлемдік білім беру кеңістігінде жоғары позицияларды алуға мүмкіндік берді. Қорқыт Ата атындағы ҚУ өз деңгейімізді үнемі көтере отырып, біз әлемнің жетекші университеттерімен табысты бәсекелесетін прогрессивті білім беру жүйесін құрамыз.

Университет көрсеткіштерін арттыру үшін мақсатты жұмыс жасаған барлық ғалымдар мен оқытушыларға, институттарға кафедраларға алғысымызды білдіреміз. Жоғары оқу орнының QS WUR әлемдік рейтингінің ТОП 1201-1400 қатарына енуі біздің рейтингтегі деңгейімізді одан әрі жақсарту үшін ынталандыру және мотивация болатынына сенімдіміз!

Университет ұжымын құттықтаймыз және нәтижелі жұмыс тілейміз!!!

22195-Korkyt Ata Kyzylorda University Сертификат_page-0001.jpg

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...