1248 студент Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 07 тамыз 2023
  • 1886

1248 студент Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін таңдады

2023-2024 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсының қорытындысы бойынша 1248 талапкер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті білім беру гранттарының иегері атанды.

Өткен жылмен салыстырғанда грант алушылар саны 300-ге жуық адамға артты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетін 2020 жылы – 529, 2021 жылы – 795, 2022 жылы –949 талапкер таңдаған болатын.

Білім алушылардың жыл сайын артуына университеттегі білім сапасы мен материалдық-техникалық базаның жаңаруы ықпал етті.

Атап айтсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті QS рейтингі бойынша Азияның үздік университеттерінің ТОП-551-600 (570-орын), сондай-ақ Қазақстан Республикасының ТОП-10 үздік университетінің қатарына енді.

Биыл университет QS–2023 халықаралық рейтингтік агенттігінің талдауы бойынша жаһандық рейтингтің ТОП-1200-1400 еніп, алғаш рет әлемдік тұғырға көтерілді.

Қазіргі уақытта Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Кореядағы Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект мектебін ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мектеп ашу «Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жетекші университет» жобасы (LUPIC) аясында жүзеге асырылады.

Білім ордасында 26 ғылым докторы, 193 ғылым кандидаты, 43 PhD докторы, «Болашақ» халықаралық бағдарламасының 40 түлегі, 25 шетелдік оқытушы жұмыс істейді.

Құрметті студенттер!

Университетке студенттерді қабылдау 2023 жылғы 25 тамызға дейін жүзеге асырылады.

Барлық грант иегерлерін құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...