Корей тарихы және мәдениеті орталығымен келісім жасалды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 16 тамыз 2023
  • 934

Корей тарихы және мәдениеті орталығымен келісім жасалды

Сыр өңірінің тарихы, мәдениетімен танысу мақсатында Оңтүстік Корея Республикасының жоғары сынып оқушылары мен студенттері Қызылордаға келді. Экспедицияға Корей елі теңіз күштерінің Вице-адмиралы Шин Чанг И, Кореяның тарих және мәдениет орталығының атқарушы директоры Ко Чин Хо, тарих және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кенг Вон жетекшілік етті.

123451.JPG

123452.JPG

Кореялық делегациямен Достық үйінде кездесу өтіп, жиында Қызылорда мен Корея арасындағы ынтымақтастық байланыс туралы кеңінен айтылды.

Кездесуде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова университеттің Кореямен халықаралық байланысы нығайғанын атап өтті. Соның ішінде білім ордасының базасында Сеул Ұлттық ғылым және технологиялар университетінің жасанды интеллект мектебінің ашылатынын, бұл – екі елдің білім мен ғылым саласының дамуына, бірлескен ғылыми жобалардың іске асуына мүмкіндік беретінін жеткізді.

123453.JPG

123455.JPG

Бүгінде Оңтүстік Кореяның жоғары оқу орындарымен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша өзара студенттер алмасу, волонтерлық жұмыстарды дамыту жолға қойылған.

Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті және Корей тарихы мен мәдениеті орталығының білім беру саласындағы тәжірибе алмасуы туралы келісімге қол қойылды. Келісім бойынша алдағы уақытта білім беру, тарих, мәдениет, әлеуметтік даму салалары бойынша бірлескен ғылыми жобалар атқарылады.

Сондай-ақ, кореялық делегация университет кітапханасындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар» бөлімінің қорымен танысты. Корей тіліндегі сирек кітаптар мен қолжазбалар қонақтардың үлкен қызығушылығын тудырды.

IMGL5254.JPG

IMGL5291.JPG

IMGL5296.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...