- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам студент білім алады
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жаңа оқу жылында 10 мыңнан астам студент білім алады. Биыл университетте бакалавриат бойынша мемлекеттік білім беру грантын иеленгендер саны артты. 2022-2023 оқу жылына қарағанда білім алушылар контингенті 13%-ға, ал грант саны 25%-ға артты.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова хабарлады.
Білім ордасында 500-ден астам профессор-оқытушылық құрамы қызмет атқарса, соның ішінде 22 ғылым докторы мен профессор, 38 Phd докторы, доцент, 174 ғылым кандидаты, 220-дан астам магистр сапалы білім беруде.
Кадрларды даярлау 5 институт пен 25 кафедра базасында 118 білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады (69 бакалавриат, 36 магистратура, 13 докторантура). Әскери кафедрада Қазақстан қарулы күштері үшін запастағы офицерлерді даярлау 5 әскери мамандық бойынша жүргізіледі.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында "Жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін толық пайдалансақ, білім экономикасына тың серпін береміз. Жетекші халықаралық компаниялармен ынтымақтастық орнату керек. Білікті мамандар даярлауымыз қажет. Кемінде үш белгілі жоғары оқу орны жасанды интеллект саласына қажетті кадр даярлаумен және зерттеулер жүргізумен айналысуы керек" деген болатын.
Осы ретте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Оңтүстік Корея Республикасы Үкіметінің қолдауымен Сеул ұлттық ғылым және технология университетімен (SeoulTech) ынтымақтастық аясында Жасанды интеллект және бизнес-инкубация жоғары мектебі ашылатынын айта кету керек. Мұнда жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және информатика саласындағы үздік кадрлар дайындалатын болады, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяның Шинхан университетімен білім беру бағдарламаларын оқыту, материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша бірлескен жобаларды іске асырылмақ.
Алдағы уақытта британдық серіктестермен бірге (University of Suffolk and Change School) біздің университет Қызылорда және Шымкент қалаларындағы кәсіпкерлік білім беру нарығын зерттейтін болады. Зерттеу нәтижелері бойынша университетіміздің базасында Британдық Жоғары бизнес мектебін ашу жоспарлануда.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті 5 жатақханамен қамтылған. Оқу орнының балансында №1 (512 орын), №2 (73 орын), №3 (260 орын), №5 (400 орын) студенттік жатақхана және №4 (60 пәтер) ғалымдар үйі бар.
Қазіргі уақытта №1 жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Сонымен қатар, №8 оқу ғимаратының 3-5 қабаттарындағы 60 орындық жатақхана жаңа оқу жылында студент қабылдауға дайын.
Білім алушылардың жатақханамен толық қамтылуы – басты назарда. Сондықтан, келісімшарт арқылы «Қаржы орталығы» АҚ қаржыландырылатын «Өркениет» және «ДиЛМАШ» ЖШС-ның жатақханаларынан 437 орын пайдалануға келісім жасалды. Мұнан бөлек «Қаржы орталығы» АҚ қаржыландырылатын жеке кәсіпкермен 100 орындық жатақхананы жалға алу бойынша келісім жүргізілуде.
Биылғы оқу жылында жатақханаға өтініштер онлайн және офлайн қабылдануда. 1 тамыздан бастап университеттің бас оқу ғимаратында «Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары» бөлімінің қызметкерлері жатақханаға өтініш қабылдау, тіркеу және жолдама беру жұмыстарын атқаруда.
Университет бойынша жатақханалардағы орын саны – 1230, қазіргі уақытта студенттер үйіне 1097 білім алушы жолдама алды.
Білім ордасында жатақханаға орналасу бойынша арнайы Call-center жұмыс жасайды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...