Білім ордасында «Адалдық сағаты» өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 08 қыркүйек 2023
  • 908

Білім ордасында «Адалдық сағаты» өтті

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаменті «Адалдық сағаты» атты кездесу өткізді.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы департаменті басшысы Ернар Мақажанов, Превенция басқарма басшысы Мұрат Рүстемұлы, Инженерлі-технологиялық институтының студенттері қатысты.  

Жиында Мұрат Рүстемұлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атқарған жұмыстарын атап өтті. Сонымен қатар, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» волонтерлік жобасына белсенді атсалысуға шақырды.

Ал, университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова қоғамда «Адалдық» қағидаттарын ілгерілету мәселелері туралы айтты.

- Адал ұрпақты тәрбиелеу мәселесі барлығымызға ортақ. Осы мәселені барлық құзырлы органдар мен зиялы қауым өкілдері, ата-аналар, ұстаздар, қоғам болып бірлесіп шешуіміз керек. Бұл тек Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің жұмысы емес, бұл барлығымызға қатысты міндет. 2022-2023 оқу жылынан бастап университетімізде арнайы комплаенс қызметі жұмыс жасайды. Біздің комплаенс-офицердің басты міндеті білім алушылардың білім алу құқығын қорғау және жастар арасында «Адалдық, Парасаттылық» қағидаттарын насихаттау болып табылады, - деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

P2377236.JPG

P2377226.JPG

Кездесуде университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс – офицері Әлібек Жаппасбаев оқу орнында «Академиялық адалдық саясаты», «Ішкі тәртіп ережесімен» таныстырып және осы бағытта атқарылған жұмыстарды атап өтті. Сонымен қатар, жастарды адалдық пен әділдікке тәрбиелеудін маңызды екеніне тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар  талқыланды.

 Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...