Жолдау жаңа жетістіктерге жетелейді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қыркүйек 2023
  • 958

Жолдау жаңа жетістіктерге жетелейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы жастарға қатысты бағыттардың орындалуын талқылау  және «Жастар рухы» Жастар қанаты ұйымының жұмысымен танысу мақсатында білім ордасында студенттермен кездесу өтті.

Жиында «AMANАT» партиясы қалалық филиалының атқарушы хатшысы Гүлшат Мұсаева креативті экономиканы қалыптастыру, жастардың кәсіп ашуы, қайтарымсыз грантты алу мүмкіндігі туралы сөз қозғады.

P2377695.JPG

P2377725.JPG

Сондай-ақ, кездесуде «Жастар Рухы» Жастар қанатының мақсаты мен міндеттері, жүзеге асырылған жобалар туралы толығырақ айтылды.

–«Жастар Рухы» Жастар қанаты – білімге ұмтылған, еңбекқор, елі мен жерін сүйетін, Отанына адал патриот жастардың басын біріктіретін жастар ұйымы.  Жастар қанаты құрылу кезеңінде еріктілер қозғалысынан бастап ірі жастар ұйымына дейін қалыптасу жолынан өтті. Қазіргі таңда «Жастар Рухы» Жастар қанаты көптеген ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың және қайырымдылық пен игі бастамаларды жүзеге асырып келеді, – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы.

P2377743.JPG

Жиында университеттегі «Жастар Рухы» Жастар қанаты бөлімшесінің жетекшісі қызметіне Нұрсұлу Жаңаберген сайланды.
Кездесуге «Жастар рухы» Жастар қанаты облыстық филиалының кеңесшісі Асем Какарманова, «Жастар рухы» Жастар қанаты қалалық бөлімінің жетекшісі Әли Кеңесұлы қатысты.

P2377756.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...