- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашық футбол алаңының ашылу салтанаты өтті.
Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова жаңа алаң стандартқа сай салынғанын, білім ордасында жастарға қашанда қолдау көрсетілетінін атап өтті.
– Білімді, мақсаты айқын, салауатты өмір салтын ұстанатын жастар – біздің жарқын болашағымыз. Олардың спортпен кәсіби түрде айналысып, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қашанда қолдау көрсетеміз.
Сондай-ақ, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын да жүйелі жүргізіп келеміз. Қазіргі уақытта университетте «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, 7 спорт зал, 5 жазғы спорт алаңы, 1 спорт мұражайы бар.
Біз еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшы жастарымызды мақтан тұтамыз. Биыл «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Әлі де білім ордасы саңлақ спортшы, сайыпқыран шәкірттерді даярлайды деген сенімдеміз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.
Қазіргі уақытта оқу орнында спорттың әр түрінен 13 спорттық секция жұмыс істейді.
Университетте Әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының - 23, Қазақстан чемпионатының – 125 жеңімпазы мен жүлдегері бар.
Салтанатты жиында «Қайсар» футбол клубының директоры, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа спорттық инфорақұрылымның жақсаруы студенттердің кәсіби шеберлігінің артуына ықпал ететінін жеткізді.
- Футбол алаңының ашылуы денешынықтыру және спорт мамандығында білім алатын студенттер үшін үлкен сый болды. Оқу ғимаратының алдында орналасқан бұл алаңда алдағы жарыстарға дайындалатын боламыз, – деді студент Нұрзат Аманбай.
Шарада сала мамандары «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Үздік түлек» медалімен марапатталды.
Айта кету керек, республикалық Студенттер лигасына университет студенттерінен құралған командалар спорттың 7 түрінен (баскетбол, волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шахмат) қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.
Ал, ҚР ХІІ жазғы Универсиадасында университет спортшылары, спорттың 16 түрінен 37 медаль иеленіп, республикада үздіктер қатарынан көрінді.
Білім ордасында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «Дене тәрбиесі» кафедралары жұмыс істейді.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...