- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
«Startup Joly» инкубациялық бағдарламасының алғашқы ағынын қорытындылау үшін «Demo Day» инновациялық жобалар байқауы ұйымдастырылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы «Startup Jolу» инкубациялық бағдарламасы бойынша білім беру жұмыстарын 14 тамызда бастады. Бағдарламаға қатысу үшін 135 адам өтінім беріп, бағдарламаның алғашқы легіне 57 жоба қабылданды. Инкубация қатысушылары менторлармен жеке жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болып, маңызды тақырыптар бойынша тегін 16 семинарға қатысты.
«Startup Joly» – инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпкерліктің әртүрлі аспектілері, соның ішінде идея, маркетинг, сату және құқықтық мәселелер бойынша дағдыларды арттыруға бағытталған бағдарлама.
Бағдарламаға қатысқан 57 жоба іріктеуден өтіп, Demo Day-ге 26 жоба қатысты. Ұсынылған жобалардың қатарында QR көктас, VR-платформадағы киберспорт, ақылды тоңазытқыш, көмір күлінен бағалы металдарды алу және өндіру, органикалық косметика, Digital Oner Academy, Оpen garden тәрізді жобалар бар.
Байқауда Раушанбек Бейбарыс “Educopter” жобасы бойынша 500 мың теңге иеленді. Ал, “Dmenu” жобасын таныстырған Тұрсынбай Елдос пен Ахметов Бауыржанға 300 мың теңге табысталды. Мұңайтбасова Жұлдызай мен Тұрғанбай Раушан “ecoDabyl” жобасымен 200 мың теңге жүлдені қанжығаларына байлады.
“Demo Day жоғары деңгейде өтті. Көп адамдармен танысып, жаңа жобалар туралы ақпарат алдым. Қазір елімізде робототехника қарқынды дамуда және техникалық үйірмелер, мамандықтар ашылып жатыр. Оқушылар, студенттер дайын заттарды пайдаланбай, өз қолдарымен құралдар жасағанын қалаймын. Осы мақсатпен мен Demo Day-ге “Educopter” атты оқу-жаттығу дрон жиынтығын әзірлеп әкелдім. Осы жиынтық арқылы кез келген адам өзінің алғашқы дронын құрастырып, бағдарламалай алады”, - деді І орын иегері Раушанбек Бейбарыс.
Жобалар сайысында Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхамед Сыздықов, Қызылорда облысы әкімі аппараты цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Сәбит Ибадулла, Қызылорда облысы кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Ерлан Райымов, Байқоңыр жобалық басқару департаментінің директоры Индира Сансызбайқызы, кәсіпкер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің аға оқытушысы Мұрат Смайлов, Байқоңыр ӘКК АҚ жобалық басқару департаментінің бас сарапшысы Олжабай Айдын, кәсіпкер, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы Абай Шайнуров және “Мансап” мектебінің директоры София Абдуразакова қатысушылардың жобаларын бағалады.
“Қаржылай сыйлықтан бөлек бағдарламаны толық меңгерген үздік қатысушыларға сертификат табыстадық. Жеңімпаздар сертификат арқылы “QazInnovations” инновациаларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі” және Astana Hub халықаралық технопаркінің гранттық бағдарламаларына қатыса алады, - деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Алтынбекұлы.
Бас серіктестер: Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «QazInnovations» инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі, «Astana Hub» халықаралық технопаркі, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті. Серіктестер: Қызылорда облысының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы».
Айта кетейік, Startup Jolу инкубациялық бағдарламасы жалғасады. Қыркүйек айының соңына дейін бағдарламаның екінші ағынымен жұмыс жасау басталады. Инновациялық жобаларды дамытуды қолға алған орталық қазан айында тағы Demo Day ұйымдастырады.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...