Білім алушылар Президент Жолдауын талқылады
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 04 қазан 2023
  • 1259

Білім алушылар Президент Жолдауын талқылады

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын студенттермен бірлесіп талдау жұмыстары жалғасуда.

IMGL8750.JPG

IMGL8747.JPG

Экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика және басқару» кафедрасының аға оқытушысы Абай Шайнуров «Көңілге қонымды нарықтық тариф саясаты» тақырыбында баяндама жасады.
Ғалым Жолдаудың ерекшелігіне тоқталып, құжаттың 90 пайызға жуығы экономикалық бағыттарға арналғанын атап өтті.

IMGL8763.JPG

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында «Тариф саясатын түбегейлі қайта қарау, тариф белгілеудің жаңа әдістемесін енгізу және инвесторлардың қызығушылығын арттыру қажет. Табиғи монополия субъектілерінің бәріне 5-7 жылға дейін көңілге қонымды нарықтық тариф енгізген жөн. Яғни, баға тұрақты болса, инвестицияны нақты жоспарлауға мүмкіндік туады. Қаржы ұйымдары да кәсіпорындарға нық сеніммен несие бере алады. Сонымен қатар монополистердің жауапкершілігін едәуір арттыру қажет. Бұл салаға цифрлық бақылау тәсілдері енгізіледі. Сол арқылы азаматтарымыз тарифтік смета және инвестициялық бағдарламалар туралы ақпарат алады» деген болатын.

Осы ретте білім алушылар Жолдауда айтылған міндеттермен танысып, маңыздылығы жайлы пікірлесті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...