Білім саласының өкілдері марапат төрінде
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 қазан 2023
  • 733

Білім саласының өкілдері марапат төрінде

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ұстаздар күніне орай профессор-оқытушылар ғылым және білім беру саласына қосқан зор үлесі мен білікті маман даярлаудағы жетістіктері үшін марапатталды.

Жиында осы уақытқа дейін университеттің Директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ғалия Даулетоваға ректордың «Алғыс хаты» табысталды. Университеттің Басқарма төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова оқу орнының стратегиялық дамуына, бәсекеге қабілетті кадр даярлау ісіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

P2433768.jpg

Өз кезегінде Ғалия Ноғайқызы жоғары оқу орнының дамуы үшін тығыз әріптестік байланыс орнатып, нәтижелі жұмыстар атқарылғанын атап өтті.

Шара барысында биология ғылымдарының кандидаты, география және химия білім беру бағдарламасының доценті  Айнұр Байкенжеева, философия докторы (PhD), инжинирингтік технологиялар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Сәкен Сейтжанов ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің «Құрмет грамотасын» иеленді.

Сонымен қатар, жиында филология ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Асия Алмауытова, педагогика ғылымдарының кандидаты, психология және бастауыш оқыту әдістемесі білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ләззат Жамансариева, заң ғылымдарының кандидаты, құқықтану білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Ерлан Алтаевқа ҚР Ғылым және Жоғары білім министрлігінің «Алғыс хаты» табысталды.

P2433798.jpg

P2433808.jpg

Ал біліктілікті арттыру және қосымша білім беру орталығының басшысы Сәбира Насипова Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті ректорының «Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Университеттің  профессор-оқытушыларын шын жүректен құттықтаймыз!

P2433815.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

 

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...