Бітіруші түлектер қаулыға енген өзгерістермен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 11 қазан 2023
  • 1091

Бітіруші түлектер қаулыға енген өзгерістермен танысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде мемлекеттік білім беру тапсырысы және ауыл квотасы негізінде білім алып жүрген студенттермен кездесу өтті.

Жиын білім алушыларға ҚР Үкіметінің  30 наурыз 2012 жылғы №390 қаулысына, 2023 жылғы 11 тамыздағы №403 бұйрығымен енгізілген өзгертулермен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды.

2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бакалавриат негізінде 656 студент диплом алады.  Жас мамандардың келісімшарт негізінде жұмыспен өтеу жөніндегі міндеті 2024 жылдың 1 қыркүйегінен басталады.

WhatsApp Image 2023-10-11 at 17.47.13 (2).jpeg

WhatsApp Image 2023-10-11 at 17.47.12 (1).jpeg

Сондықтан студенттерге өндірістік тәжірибеден өту барысында бәсекеге қабілетті маман екенін дәлелдеу қажеттігі айтылды. Міндеттемелер студент пен университет арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған келісімшартта көрсетілген.

Егер студент 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жұмыс таппаған жағдайда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы немесе «Электрондық еңбек биржасы» (портал enbek.kz) мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы жұмыс іздеп жүрген адам немесе жұмыссыз ретінде тіркелуі қажет. Жас мамандарды жұмысқа дербес бөлу жөнінде құрылған комиссия отырысының шешімімен, заңда көрсетілген санаттар  бойынша тиісті құжаты болған жағдайда грантты өтеу жөніндегі міндетінен босатылады.

Кездесу барысында жауапты мамандар студенттердің сұрақтарына жауап берді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...