«Жасыл кафедра» жобасымен таныстырды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 қазан 2023
  • 779

«Жасыл кафедра» жобасымен таныстырды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетіне Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры Вероника Радыгина бастаған делегация арнайы жұмыс сапарымен келді.

WhatsApp Image 2023-10-13 at 17.45.34 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-10-13 at 17.45.34.jpeg

Делегация мүшелері Жаратылыстану институтында қызылордалық ғалымдардың жобаларымен танысып, профессор-оқытушылармен кездесті.

Жиында «Биология, геграфия және химия» БББ-ның процессоры, б.ғ.к., Рахат Құрманбаев «Жасыл кафедра» жобасының мақсат-міндетімен таныстырды.

«Жасыл кафедра» жобасы экологиялық білім беру мазмұнын оқу үдерісіне енгізу арқылы қоршаған ортаны сақтауға, сауаттылық пен  мәдениетті қалыптастыруға және дамытуға негізделген.

Белоруссия елінен келген қонақтарға «Биология, география және химия» БББ-ның оқытушы-профессорлары өзекті тақырыптарда лекция оқып, университеттің оқу процестерімен таныстырды.

«Биология,  география және химия» БББ-ның профессоры, х.ғ.к. Гүлмира Абызбекова Т.Д.Қуанышбаев атындағы ғылыми-білім беру орталығының жұмыстарымен таныстырып, қазіргі таңда жүзеге асып жобалардың өзектілігі жөнінде сөз қозғады.

«Биология,  география және химия» БББ-ның профессоры, биология ғылымдарының докторы Салтанат Ибадуллаева «Арал өңірінің экологиялық-географиялық мониторингі әдісімен суармалы сортаң топырақтардың құнарлылығын бағалау» тақырыбында «Биология,  география және химия» БББ-ның аға оқытушысы, б.ғ.к. Райхан Жандавлетова «Жас ерекшелік психофизиологиясы» тақырыбында   лекция оқыды.

Сонымен қатар делегация мүшелері алдағы уақытта екі жақты ынтымақтастық меморандум шеңберінде «Экологиялық білім және орнықты даму: Қазақстан Республикасының инновациялық тәжірибесі» тақырыбында бірлескен жобалар болатынын айтты.

Сапар соңында Белоруссия елінен келген делегация мүшелері бұл сапардың екі елдің білім саласына пайдалы болғандығын айтып, алдағы уақытта ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға ниетті екендіктерін білдірді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...