Ынтымақтастық байланыс кеңейеді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 21 қазан 2023
  • 615

Ынтымақтастық байланыс кеңейеді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің делегациясы Өзбекстан Республикасы, Ташкент қаласында өткен «InnoWeek-2023» халықаралық инновациялық идеялар форумына қатысты.

2018 жылдан бастап өтетін ауқымды шараның мақсаты – жоғары білім саласындағы реформалар, сондай-ақ перспективалық міндеттер туралы пікір алмасу, ынтымақтастық орнату.

WhatsApp Image 2023-10-21 at 11.21.13 (1).jpeg

WhatsApp Image 2023-10-21 at 11.21.13 (3).jpeg

Форум аясында университеттің Басқарма мүшесі-Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева мен Педагогика және дәстүрлі өнер институтының директоры Наку Мирманов Өзбекстан мемлекеттік консерваториясына барып, инфраструктурасымен танысты. Сонымен қатар, Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Ферғана аймақтық филиалымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжат болашақ мамандарды белсенді тарту, инновациялық технологияларды кеңінен енгізудің арқасында оқу процесін жетілдіру, жергілікті және шетелдік тәжірибе негізінде білім беруді ұйымдастыру және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіруге мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, тараптар арасындағы меморандум аясында профессор-оқытушылар мен білім алушылар «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша тәжірибе алмасу, бірлесіп ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және бірлескен ғылыми конференциялар ұйымдастыруды жүзеге асырады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...