Шетелдік ғалым дәріс өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 24 қазан 2023
  • 1146

Шетелдік ғалым дәріс өткізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Максим Танк атындағы Белорусия Мемлекеттік педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, биология ғылымдарының кандидаты, доцент, PhD  Вероника Радыгина «Адам генетикасының негіздері» пәні бойынша 72 сағат көлемінде дәріс жүргізді.

Вероника Валерьевна «Өзгергіштік», «Хромосомалық аурулар», «Тұқым қуалайтын гендік аурулар», «Тұқым қуалайтын бейімділігі бар аурулар» тақырыптарында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен таныстырып, генетикалық материалдың бұзылу себептеріне және тұқым қуалайтын аурулардың алдын алуға баса назар аударды. 

152.jpeg

150.jpg

Дәріске «Биология», «Химия-Биология» білім беру бағдарламаларының білім алушылары, «Биология, география және химия» кафедрасының профессор-оқытушылары қатысып, білім берудің әдіс-тәсілдері бойынша тәжірибе алмасты.

147.png

148.png

Нәтижесінде «Биология», «Химия-Биология» білім беру бағдарламасының профессор-оқытушыларына және білім алушыларына «Адам генетикасының негіздері» курсынан  өткені бойынша сертификаттар табысталды.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

        

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...