Мөлдір Жаңбырбай – каратэден әлем чемпионы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 30 қазан 2023
  • 1170

Мөлдір Жаңбырбай – каратэден әлем чемпионы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің түлегі Мөлдір Жаңбырбай Будапештте (Венгрия) WKF каратэден өткен Әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

Осылайша, тарихта тұңғыш рет қазақстандық каратэшілер елге алтын жүлде әкелді.

Мөлдір Жаңбырбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде 2014-2018 жылдар аралығында «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында білім алған.

Спортшы – каратэден Қазақстан Республикасының Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесі.

Еске салсақ, Мөлдір Жаңбырбай Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен XIX жазғы Азия ойындарында каратэден күміс медальге ие болған болатын.

Мөлдірді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...