Университет жастары референдумды қолдайды
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 маусым 2022
  • 2020

Университет жастары референдумды қолдайды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастар ұйымдарының көшбасшылары мен білім алушылардың қатысуымен «Реформалардың мәні – азаматтардың мемлекет ісіне араласу мүмкіндігін арттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жастар алдағы саяси науқан туралы ой-пікірлерін білдіріп, штаб мүшелеріне сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры,  референдумды қоғамдық қолдау жөніндегі облыстық штабтың төрағасы Жандос Базартай, «Тәрбие жұмыстары және жастар саясаты» бөлімінің басшысы Жанар Бимұратқызы, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Нәбиден Маратұлы баяндама жасады.

 Жиында Жанар Бимұратқызы жастарды 5 маусым күні өтетін референдумға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.

«Жастар еліміздегі кез келген өзгеріске бей-жай қарамауы керек. Себебі, олар біздің болашағымыз, келешектің тұтқасы осы өскелең ұрпақта. Сондықтан бүгінгі кездесуде санаулы күннен кейін өтетін референдум туралы, ондағы өзгерістер жайлы талқыладық, жастардың пікірін тыңдадық. Нәтижесінде, расымен жастардың қоғамда ықпалы жоғары, белсенді топ екеніне көзіміз жетті. Жалындаған жастар барда – Жаңа Қазақстанды әділетті, білімді, рухы биік азаматтар құратынына сенімдімін», - деді Жанар Бимұратқызы.

 

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 87242 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...