ҚР Ғылым және жоғары білім министрі стартаперлердің жобаларымен танысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 06 қараша 2023
  • 1205

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі стартаперлердің жобаларымен танысты

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Жасанды интеллект және информатика жоғары мектебінің ресми ашылу рәсімі өтті.

Жиында ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев және LUPIC халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университет жобасының өкілдері университеттің кәсіпкерлік орталығының жұмысымен танысты. Кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жобалар және алдағы жоспарларды орталық басшысы Жанарыс Түбекбаев таныстырды. 
 
Сонымен бірге бизнес-инкубатордың резиденттері Елдос Тұрсынбай  «Dmenu»,  Абдуллаев Оралбек  «Zenhimia», Оразбақов Айбек «Techai», Тұрғанбай Раушан «Fingerprint recognition», Мұнайтпасова Жұлдызай «EcoDabyl»,  Ибрагимов Азамат - «Janarym AI»,  Абдуллаев Асылжан «Оrda studio», Қази Сұлтан «Museum» жобаларын таныстырды.

«Janarym AI - зағип жандарға арналған жасанды интеллект қамтылған мобильді қосымша. Қосымшада волонтер, видеоқоңырау, ақылды камера, инклюзия академиясы,  инклюзивті қоғамдастық сынды бірегей функциялар қамтылған. Үлкен волонтерлік жүйені қалыптастыру, еріктілерді ынталандыру мақсатында бонустық жүйе де ойластырылған»,-деді  студент Ибрагим Азамат.

Айта кетейік, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университінің кәсіпкерлік орталығы 2017 жылы ашылған. Бүгінде QazInnovations ұйымы,  Astana Hub технопаркімен бірлесіп семинар, тренинг,  IT жобалар байқауын өткізуде.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...