Білім алушылар «Адал азамат» шарасына қатысты
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 09 қараша 2023
  • 606

Білім алушылар «Адал азамат» шарасына қатысты

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Адал азамат» атты жиын ұйымдастырылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеу керегін айтқан болатын.

«Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды адал азаматтар құрады. Бұл – бір-бірімен өте тығыз байланысты ұғымдар. Отанға, отбасына адалдық – парасаттылық пен адамгершіліктің белгісі. Адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады.

Ұлы Абай «Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі» деген. Ал, арлы адам әділетсіздік жасамайды. Әр салада адалдық басты орында тұрса, әділ қоғам орнайды. Жемқорлыққа жол берілмейді, ел мүддесіне сай шешім қабылданады. Бір сөзбен айтсақ, қоғамдағы ізгіліктің бәрі адалдықтан бастау алады», деді Президент.

Шарада «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» аға маманы, РАТТ мүшесі Бақтияр Оспанов адал азаматқа тән қасиет әрбір адамның бойынан табылуы керек екенін атап өтті.

155.jpg

156.jpg

Қазіргі уақытта интернетте әртүрлі ақпараттардың көп екендігіне тоқталып, зиянды әдеттерден бас тартуға шақырды. Сонымен қатар,  жастар тұлға болып қалыптасуы үшін қазірден-ақ, әрбір әрекетіне жауапкершілікпен қарап, оқуына тиянақты, мәдениетті, көзі ашық болуы керегін атап өтті.

Жиынға оқу орнынан 500-гу жуық стдент қатысты.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...