«Сыр өңірінің тарихы: зерттеулер нәтижесі және өзекті мәселелер»
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 10 қараша 2023
  • 847

«Сыр өңірінің тарихы: зерттеулер нәтижесі және өзекті мәселелер»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жазушы, этнограф, университеттің құрметті профессоры, Қызылорда облысының құрметті азаматы Тынышбек Дайрабайдың  80 жасқа толуына арналған «Сыр өңірінің тарихы: зерттеулер нәтижесі және өзекті мәселелер» атты конференция өтті.

Этнограф, өлкетанушы, әдебиет мәселелерін зерттеуші, қарымды қаламгер Тынышбек Майлыбайұлы Сыр өңірінің тарихын терең зерттеп, осы аймақтан шыққан ақын, жырау, би, шешендер туралы ғылыми еңбектерді жарыққа шығарды. «Темірбек Жүргенов туралы», «Түркістан» фотоальбомы, «Сырдың сырлы сыры», «Сыр перзенттері», «Жеті тараудағы - жеті анық», «Билер сөзі-киелі», «Сыр еліндегі ескерткіштер», «Сырым менің, сырласым» және т.б. шежірелі тарихи деректерге толы еңбектері мен Сыр өңірінің тарихына арналған көптеген зерттеу мақалалары республикалық басылымдарда, конференция жинақтарында, баспасөз беттерінде жарық көріп келеді.

Жиында университеттің Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Майнұр Бөрібаева жоғары оқу орнының ғылыми зерттеулерін дамытып, ғылыми әлеуетін нығайту ісіне елеулі үлес қосқан ғалымға университеттің «Құрмет грамотасын» табыстады.

157.jpg

158.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құрметті ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай мүшесі Қылышбай Бисенов ғалымның зерттеу жұмыстарына тоқталып, ғылым саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқанын жеткізді.

Сондай-ақ, университеттің қауымдастырылған профессоры,  тарих ғылымдарының докторы Тастанбек Сәтбай «Сыр өңірінің көрнекті өлкетанушысы», доценті, тарих ғылымдарының кандидаты,  Гуманитарлық-педагогикалық институтының директоры  Сағат Тайман «Тарихи сананы қалыптастырудағы өлкетанудың рөлі», университеттің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаев «Тынышбек Дайрабай – Сыр бойы әдебиетін зерттеуші», аға оқытушы, педагогика ғылымдарының магистры, Бақытжан Ахметбек «Шежірелі әулеттен шыққан Тынышбек Дайрабай мұрасы» тақырыбында баяндама жасады.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар мен Тынышбек Майлыбайұлының әріптестері, шәкірттері, білім алушылар қатысты.

159.JPG

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...