“Бір толқында” көңілді эстафетасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 қараша 2023
  • 644

“Бір толқында” көңілді эстафетасы

17 қараша - Халықаралық Студенттер күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде “Бір толқында” көңілді эстафетасы ұйымдастырылды. 

Сайыстың мақсаты - білім алушылар мен оқу орнының қызметкерлері арасында бұқаралық спорт түрлерін насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық, әріптестік байланысты нығайту. 

Осылайша студенттер мен университет ұжымы сенбілік күнді сергек бастады. 

Жарысқа әрқайсысы 6 адамнан құралған 8 команда қатысты. 

photo_5372925051764068365_y.jpg

photo_5372925051764068370_y.jpg

Эстафета қорытындысы бойынша І орынды “Жаратылыстану” институты студенттерімен бірге қатысқан институт директоры Нұрлыбек Ахатаевтың командасы жеңіп алды.

ІІ орынды 5 жатақхана студенттерімен бірге қатысқан университеттің Басқарма төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімованың командасы иеленді. 

ІІІ орынды “ДилМаш” жатақханасы студенттерімен бірге қатысқан  Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент директоры Ғалымжан Өтегеновтың командасы еншіледі.

“Өркениет” жатақханасының студенттерімен бірге қатысқан Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартайдың командасына “Ұйымшыл топ” номинациясы, 2 жатақхана студенттерімен бірге қатысқан Академиялық мәселелер бойынша проректор Дана Абдрашеваның командасына “Үздік жетекші тобы” номинациясы, 3 жатақхана студенттерімен бірге қатысқан Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаеваның командасына “Жүйрік топ” номинациясы табысталды.

Гуманитарлық-педагогикалық институты студенттерімен бірге қатысқан институт аға тәлімгері Гүлнұр Үсенованың командасы “Көңілді топ”, Экономика және құқық институтының студенттерімен бірге қатысқан институт директорының орынбасары Айболат Жүсіповтың командасы “Білекті топ” номинациясымен марапатталды.

photo_5372925051764068368_y.jpg

photo_5372925051764068367_y.jpg

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...