- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
«SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2023» жеңімпаздарына университеттің білім гранты табысталды
Қызылордада Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай «SMART CITY KYZYLORDA HACKATHON 2023» облыстық IT жобалар хакатоны өтті.
Қызылорда облысы әкімінің қолдауымен өткізілген идеялар байқауын Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің кәсіпкерлік орталығы ұйымдастырды.
IT жобалар хакатонында «Әзірлеу», «Модельдеу», «Медиа және Білім» бағыттары қамтылды. Байқауға қатысуға 350 жас өтінім қалдырып, 120-ға жуық жоба қорғалды.
Байқау қорытындысы бойынша Қызылорда қаласындағы №268 мектеп-лицей оқушысы Талап Әли «Медиа&Білім», Әли Мүсілім атындағы №101 мектеп-лицей оқушысы Асылтас Шөментай «Модельдеу», Ж.Нұрманов атындағы №198 орта мектебінің оқушысы Зарина Азенова «Әзірлеу» бағытында жеңімпаз атанып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантына ие болды.
«IT жобалар хакатонына «Fed up» жобасын ұсынып, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің білім грантын жеңіп алдым. Бүгінде IT cаласы қарқынды дамуда, яғни бәсекелестік өте жоғары. Ал Қазақстандағы робототехника саласы бойынша бәсекелестік әлі де аз. Осы мәселені шешу жолында «Fed up» жобасын қолға алдым. Байқаудың ұйымдастырушыларына алғысым шексіз. «Smat city Kyzylorda Hackathon 2023» облыстық IT жобалар хакатоны – жас стартаперлердің дамытуына мүмкіндік беретін алаң»,-деді Талап Әли.
Мұнан бөлек, әр бағыт бойынша І орын иеленген Раушан Тұрғанбай, Жұлдызай Мұңайтбасова, Альмира Махамбетәлі, Төрехан Төлеген, Ернар Әбдіжалелұлына 150 000 теңгенің сертификаты табысталды. Сондай-ақ, ІІ орын иегерлері Ерсұлтан Жанболатұлы, Инабат Аймағамбетова, Өмірзақ Әділ мен Шыңғыс Абдуллаев 100 000 теңгені құрайтын қаржылай жүлделерді иеленді. Ал әр бағыт бойынша 50 000 теңгені Аягөз Құлахметова, Бекасыл Алдиар, Азамат Ибрагимов иеленді. Ынталандыру мақсатында 6 командаға Kyzylorda Hub бизнес-инкубаторынан арнайы сыйлықтар берілді.
Үздік жобаларымен топ жарған командаларды Қызылорда облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ерлан Бәкіров, Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры Қанат Қараев және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті экономика және құқық институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев марапаттады.
«IT жобалар хакатоны Қызылордада бесінші рет ұйымдастырылуда. Өткен жылы Республика күні қарсаңында өткен хакатон байқауына 270 жас қатысып, 100-ге жуық жоба таныстырылды. Ал биыл қатысушылар саны көбейді. Сыр өңірінде идеяшыл және креативке толы жастардың саны артқаны бізді қуантады. Жалынды жастар барда біздің болашағымыз жарқын болмақ. Желтоқсан айында InnoFest Qyzylorda инновациялық жобалар байқауы өткізіледі», – деді Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті кәсіпкерлік орталығының басшысы Жанарыс Алтынбекұлы.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...