Республикалық «JASTAR & DASTUR FEST» фестивалі өтті
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қараша 2023
  • 1052

Республикалық «JASTAR & DASTUR FEST» фестивалі өтті

17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде республикалық «JaStar & Dastur fest» фестивалі ұйымдастырылды.

Байқау қазақы салт-дәстүрді, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау, жастар арасында насихаттау, ұмыт қалғанын қайта жаңғырту мақсатында өткізілді. Студенттер дәстүрлі ән шырқап, қазақ ұлттық биін билеп, әдет-ғұрыптарымыз бейнеленген көрініс қойды.

172.jpeg

173.jpeg

174.jpeg

Фестивальге Астана қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Maqsut Narikbayev University, Түркістан қаласындағы  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттері арнайы қатысты.

Республикалық шарада қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрыптары кеңінен насихатталды, сондай-ақ студенттер бір-бірімен достық байланыс орнатты.

Фестивальде Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова қазақы дәстүрді бойына сіңірген, ұлттық құндылықты қадірлейтін жастарды қалыптастыру мәселесі әрдайым назарда екенін атап өтті.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде жастардың рухы биік, шығармашылық әлеуетін ел дамуына жұмсайтын, тәрбиелі тұлға болып қалыптасуы үшін 24 жастар ұйымы жұмыс істейді. 

Жуырда университет студенттері ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған республикалық челлендж бастады. Білім алушылар барша қазақ аруларын шашбау мен шолпы тағуға шақырды. Бір ғана Фейсбук желісіндегі ресми парақшада бұл бейнероликті 175 мыңға жуық адам көріп, 2100-ден астам жуық пікір жазылып, 1300 адам бөліскен (репост). Челленджге аз уақытта көптеген жоғары оқу орындары қолдау білдірді. Бұл жастарымыздың ұлттық құндылықты сақтауға деген ынтасының зор екенін көрсетеді.

175.jpeg

176.jpeg

Фестиваль қорытындысы бойынша Бас жүлдені Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің командасы, І орынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің командасы, ІІ орынды Түркістан қаласындағы  Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің командасы, ІІІ орынды Maqsut Narikbayev University командасы иеленді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru

 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...