- Университет
- Басқарма
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Ғылыми кеңес
- Басқарма Төрағасы-Ректордың көмекшісі
- Ректордың қоғамдық жұмыс жөніндегі кеңесшісі
- Әкімшілік - құқықтық мәселелер бойынша ректордың кеңесшісі
- Ректордың жастар ісі жөніндегі кеңесшісі
- Адами ресурстарды басқару басқармасы
- Құжаттармен қамтамасыз ету және архив бөлімі
- Экономика және қаржы департаменті
- Шаруашылық жұмыстар жөніндегі департамент
- АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ-ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Ғылым департаменті
- Ғылыми зерттеулерді үйлестіру бөлімі
- Коммерцияландыру бөлімі
- «Aрхеология және этнография» ғылыми орталығы
- «Қорқыттану» ғылыми орталығы
- «Шоқайтану» ғылыми орталығы
- «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасы
- Т.Д.Қуанышбаев атындағы химия-биологиялық зерттеулер ғылыми-білім беру орталығы
- Ботаникалық бақ және жылыжай шаруашылығы
- Бас редактор
- Халықаралық байланыстар бөлімі
- Ғылыми кітапхана
- Ғылым департаменті
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары басқармасы
- Рекрутинг және мансап басқармасы
- Mедиа орталығы
- Психологиялық қолдау орталығы
- Медициналық орталық
- «Қазақстан халқы Ассамблеясы» орталығы
- Cтуденттер сарайы
- Мұражай
- «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені
- Студенттік омбудсмен
- Ардагерлер кеңесі
- «Кorkyt ata endowment» корпоративтік қоры
- Түлектер қауымдастығы
- БАСҚАРМА МҮШЕСІ - СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ IT ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР
- БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР
- Университет миссиясы
- Даму стратегиясы
- Корпоративтік басқару
- Аккредиттеу
- Рейтингтердегі позициялар
- Ішкі құжаттар тізілімі
- Түлектерге
- Құрылымы
- Ректор блогы
- Материалдық-техникалық база
- Кадрлық резерв
- Cапаны қамтамасыз ету саласындағы саясаты
- Басқарма
- Білім беру
- Ғылым
- Студентке
- Халықаралық байланыс
- Медиа
Ұлт қайраткері Мұстафа Шоқайға арналған халықаралық конференция өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Мұстафа Шоқайдың мемлекетшілдік мұраты: тарихи тағылым мен сабақтастық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Жиынға зиялы қауым өкілдері, профессор-оқытушылар, білім алушылар қатысты.
Конференцияда М.Шоқай еңбектеріндегі идеялардың түркі мемлекеттерінің интеграциялану үдерісі мен қазіргі әділетті Қазақстан мұраттарымен сабақтастығы ғылыми тұрғыда талданды.
Жиында Қызылорда облыстық мәслихат төрағасы, тарих ғылымдарының кандидаты Наурызбай Байқадамов сан тараулы ұлттық тарихымызда саналы ғұмырын туған халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолына арнап, оның бақытты өмір сүруін аңсап өткен ұлт перзенттерінің бірі Мұстафа Шоқай екенін атап өтті.
«Түркі халықтарының біріккен жағдайында ғана ұлттық тәуелсіздігіміз берік орнығатынын теориялық тұрғыда дәлелдеген М.Шоқайдың «Тұтас Түркістан» идеясы мен бүгінгі Түркі мемлекеттері ұйымы арасында сабақтастықтарды зерттеу өте маңызды. ХХ ғасырда айтылған Мұстафа Шоқайдың мәңгі өлмес идеялары - бүгінгі түркі мемлекеттері, оның ішінде Қазақстанның өркениетті және демократиялық ел ретінде орнығуы мен дамуының, жаңғыруы мен жаңаруының маңызды мәселелері. Ұлттық тәуелсіздік пен саяси сана, ұлттық рух пен ұлттық тіл қоғамдағы демократиялық үрдістердің салтанат құруы мен халықтың рухани жаңаруының іргетасы, елдің саяси‑құқықтық және әлеуметтік‑экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы, мемлекетшіліктің негізгі компоненттері болып саналады», – деді Наурызбай Сейітқалиұлы.
Конференция барысында тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің (Түркия) профессоры Әбдіуақап Қараның «Кеңес Одағының түркі әлемі саясаты. Мұстафа Шоқай» атты кітабінің және академик М.Қ. Қойгелдінің жетекшілігімен 2022-2023 жылдары жарық көрген «Алаш ісі. 1920-1930 жж. ОГПУ жүргізген жасанды тергеу ісінің құжаттары мен материалдары» атты кітабының (1-том және 2-том) таныстырылымы жасалды.
Жиында ҚР ҰҒА академигі, Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев «Мұстафа Шоқай аманатының бүгінгі ұлттық жадтағы көрінісі туралы», Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара «Мұстафа Шоқайдың пантүркизм, Тұран мемлекеті және түрік бірлігі туралы пайымдаулар мен тұжырымдары», Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих институтының бас ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының докторы, профессор Раджабов Қаһромон «Мустафа Шокай и жадидское движение в Туркестане», Күтахия Думлупынар университетінің доценті, PhD Веджихи Сефа Фуат Хекимоғлы «Мұстафа Шоқайдың 1930 жылдардағы Жапония, Қытай және Шығыс Түркістан туралы пікірлері», Қажыбайрам университетінің профессоры, PhD Хулия Касапоғлы Ченгел «Алаш рухы», ақын, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Қасымхан Бегманов «Наршоқы – тарихи мекен, Мұстафа Шоқай жолының бастауы немесе "Шерлі Түркістан" дастанының тууы», Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті «Мұстафа Шоқай» ғылыми орталығының ғылыми жетекшісі, саяси ғылымдарының докторы, профессор Әбдіжәлел Бәкір «Мұстафа Шоқай: тәуелсіздікті ту етіп, ұлттықты ұлықтаған» тақырыбында баяндама жасады.
Конференцияда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі – Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Бөрібаева мен Басқарма мүшесі – Әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор Жандос Базартай зиялы қауым өкілдеріне «Қорқыт ата Алтын медалін» табыстады.
Конференция «Мұстафа Шоқай феномені және Түркі халықтарының бірлігі идеясының өміршеңдігі», «Мұстафа Шоқай мұралары – ұлт руханиятының қайнар көздері», «Мұстафа Шоқай мұралары отандық және шетелдік зерттеулерде» тақырыбындағы секциялық жұмыстармен жалғасты.
Айта кету керек, 16 қарашада М.Шоқайдың туған жері Наршоқы елді мекенінде ескерткіш белгі ашылды.
Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34
e-mail: kmu.kmu@list.ru
Қолжетімді қызметтер
PLATONUS
platonus.kz
E-univer
https://e-univer.korkyt.kz/
Call center
+7-7242-558877
МООK
МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)
МегаПРО электронды кітапхана
library.korkyt.kz
Erasmus
erasmus
Сабақ кестесі
толығырақ...
Ғылыми кітапхана
толығырақ...