Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының тарихы

«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» кафедрасы университеттің ғылыми Кеңесінің 2012 жылғы 31 тамыз күнгі шешімімен «Су шаруашылығы» және «Жерге орналастыру» кафедраларының бірігуімен құрылды.

«Су шаруашылығы» кафедрасы негізін 1978 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты Қызылорда  филиалы құрамында «Арнайы пәндер» кафедрасы атауымен құрылды. «Арнайы пәндер» кафедрасының меңгерушісі болып техника ғылымдарының кандидаты С.И.Қошкаров тағайындалды. Кафедрада гидромелиорация және ауыл шаруашылығы құрылысы мамандықтары бойынша инженерлер дайындалып, алғашқы түлектер 1981 жылы бітіріп шықты.

1982 жылы «Арнайы пәндер» кафедрасы «Гидромелиорация» және «Ауыл шаруашылығы құрылысы» кафедралары болып екіге бөлінді. «Гидромелиорация» кафедрасы меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.И.Қошқаров бекітілді. Кафедра құрамында ғылым кандидаттары Т.А.Тұрғанова, Д.Ә.Сейітқасымов, Ә.Ә.Сағаев, С.Ы.Өмірзақов, А.Ә.Шомантаев, С.Т. Тәуіпбаев, О.Қ.Қарлыханов, т.б. оқытушылар қызмет етті.

1985-1990 жж. осы құрылым негізінде ашылған «Ауыл шаруашылығы мелиорациясы» және «Гидротехникалық құрылыс» кафедралары  жұмыстарын жалғастырды. «Ауыл шаруашылығы мелиорациясы» кафедрасына әр жылдары Т.М. Сағымбеков, Е.М.Құттыбаев басшылық етті. «Гидротехникалық құрылыс» кафедрасына әр кезеңде Т.А.Тұрғанова, А.Н.Оспанов жетекшілік жасады.

1991 жылы осы  екі кафедра негізінде «Гидромелиорация» кафедрасы құрылды. 1993 жылға дейін техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Қарлыханов осы кафедраға меңгеруші болды.

1994 жылы осы кафедралар атаулары  «Орман мелиорациясы» болып өзгертілді. Кафедра меңгерушілері болып 1994-1996 жылдар аралығында т.ғ.к. С.Ы.Өмірзақов, 1996-1998 жж. техника ғылымдарының кандидаты Ә.Ә.Сағаев қызмет атқарды. Ал, «Гидроэкология, гидротехникалық және мелиоративтік құрылыс» кафедра меңгерушілері болып 1994 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Қарлыханов, 1994-1996 жж. техника ғылымдарының кандидаты, доцент А.Ә.Шомантаев, 1996-1998 жж. техника  ғылымдарының кандидаты С.Т.Тәуіпбаев  қызмет атқарды.

Гидроэкология, орман  мелиорациясы мамандықтарының мемлекеттік стандарттарын жасауға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы география ғылыми-зерттеу институтының профессоры, техника ғылымдарының докторы А.Ә.Тұрсынов, кафедра ғалымдары Т.Қ.Қарлыханов, С.И.Қошқаров, С.Ы.Өмірзақов, т.б. оқытушылар еңбек сіңірді.

1998 жылы  екі кафедра бірігіп, «Мелиорация және гидроэкология» кафедрасы болып қайта құрылып, кафедра меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.Ы.Өмірзақов тағайындалды.

2002 жылдың маусым айында С.И.Қошқаров және ғылым кандидаттары Ж.Н. Баймаханов, Ш.И. Маштаева, А.Т.Жүнісов Канаданың жоғарғы және  арнаулы оқу орындарында болып, ауыл шаруашылығы мамандарын дайындаудың озық технологиялары жөнінде тәжірибе алмасып қайтты.

2004 жылы кафедра атауы «Су шаруашылығы» болып өзгерді. Кафедра меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты С.Ы.Өмірзақов тағайындалды. 2005-2010 жж. «Су шаруашылығы» кафедрасын техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ә.Ә.Сағаев, 2010-2012 жж. техника ғылымдарының  докторы, профессор С.И.Қошқаров басқарды.

«Жерге орналастыру» кафедрасы 1993 жылы наурыз айында «Сызба геометриясы және инженерлік геодезия» кафедрасының негізінде құрылды.

Кафедраның алғашқы меңгерушілігіне техника ғылымдарының кандидаты Ерсін Әліпбайұлы Батырбаев тағайындалды. 1994-1998 жылдары кафедраны ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Б.О.Раисов, 1998-2000 жылдары экономика ғылымдарының докторы  Ж.А.Бисенов, 2003-2009 жылдары ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Ә.М.Тоқтамысов, 2009-2011 жылдары техника ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Қ. Құлтанов, 2011-2012 жылдары техника ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ембергенов  басқарды.

Кафедрада Москва жерге орналастыру инженерлері институтының түлегі, аға оқытушы А.Ә.Алдабергенова, Москва Геодезия, аэрофототүсіріс және картография инженерлері институтының түлегі, аға оқытушы Қ.Қ.Бектанов, Л.Б.Ли, З.С.Өрікбаева, университет түлектері: Қ.М.Қиясов, Э.А.Альмағанбетова С.Е.Айменова, А.С.Тұрсынбаева, А.Арипова, А. Бәйімбетова қызмет етті.

Университеттің ғылыми Кеңесінің 2012 жылғы 31 тамыз күнгі шешімімен «Су шаруашылығы» және «Жерге орналастыру» кафедраларының бірігуімен «Су шаруашылығы және жерге орналастыру»  кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі болып техника ғылымдарының  докторы, профессор С.И. Қошқаров тағайындалды.

Кафедра «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау», «Су ресурстары және суды пайдалану», «Жерге орналастыру», «Кадастр» мамандықтары бойынша бакалаврларды дайындайды. 2004 жылдан бастап «Су ресурстары және суды пайдалану», 2008 жылы «Жерді мелиорациялау, баптау және  қорғау» мамандықтары бойынша магистратура ашылды. 2012 жылы наурыз айында «Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау» мамандығы бойынша PhD докторантура ашылды. Алғашқы докторанттар болып кафедра түлегі П.О.Буланбаева, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің оқытушылары Қ.Б. Әбдешев, Қ.Қ.Масатбаев оқыды.

Фото кафедра.jpg DSC00527.JPG DSC00549.JPG
001.jpg Фото в лаб №111.jpg Рисунок+(10).jpg
CamScanner 26.03.2024 08.20_page-0001.jpg
DSC_0195.jpg
Фото Калинин М.Ю. (1).jpg

 

Байланыстар


501.png  Отарбаев Бауыржан Сырмағамбетұлы                  
___________________________________              

Білім беру бағдарламасының жетекшісі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты

503.png bauyrzhan.kzo@mail.ru                                           

 telephone.png    8 705 703 6845

Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы

> «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат 
6B08674 - Су ресурстары және суды пайдалану;
6В08675 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау;
6B07369 - Жерге орналастыру;
6B07368 - Кадастр.
Магистратура
7М08674 - Су ресурстары және суды пайдалану;
7М08675 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау.
Докторантура
8D08675 - Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау.
 
Біріккен / қосдипломды білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:
6B07368 – Кадастр;
6В08675 – Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау.

Профессор-оқытушылар құрамы

Отарбаев Бауыржан Сырмағамбетұлы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Шаянбекова Бахытжан Рахманбердіқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Қошқаров Серікбай Иманбайұлы

  • Лауазымы: Профессор, техника ғылымдарының докторы
  • Ақпарат

Шомантаев Асылхан Әшимұлы

  • Лауазымы: Профессор, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы
  • Ақпарат

Өмірзақов Серікбай Ыдырысұлы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының докторы.
  • Ақпарат

Акылбаев Кайрат Игисинович

  • Лауазымы: Аға оқытушысы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Умбетова Шолпан Мырзабекқызы

  • Лауазымы: Қауымдастырылған профессор, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Кенжалиева Бахыткул Туребайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Елеуова Эльмира Шорақызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Далдабаева Гүлнұр Төреханқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, техника ғылымдарының кандидаты
  • Ақпарат

Олжабаева Ақсәуле Оңдасынқызы

Шынбергенов Ерлан Алимжанұлы

Жусупова Лиза Қуанышқызы

Калманова Гульжан Кайырбекқызы

Алдамбергенова Гүлзинат Темірханқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, магистр
  • Ақпарат

Айбекқызы Ақбөпе

  • Лауазымы: Оқытушы, а.ш.ғ.магистрі
  • Ақпарат

Амиржанова Жанат Нысанбайқызы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, магистр
  • Ақпарат

Нұрғалиева Кулшат Утегенқызы

  • Лауазымы: Зертхана меңгерушісі
  • Ақпарат

Айлауова Индира Қуанышханқызы

Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы

«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» БББ LSD-проекторлары және интерактивті тақталар, компьютер жабдықтарынан тұратын заманауи аудиториялармен қамтамасыз етілген.  Мамандық бойынша мамандандырылған зертханалар мен кабинеттер көрнекті құралдармен  және  оқу құралдарымен жабдықталған. №104, 109, 401, 403 аудиториялар мультимедиялық проекторлармен және интерактивті тақталармен жабдықталған. Зертханалық және тәжірибелік сабақтарды жүргізу үшін барлық техникалық мамандықтарға арналған нивелирлер, теодолиттер, рейкалар, штативтер, рулеткалар, электронды планиметрлер мен электронды тахеометрлер және сәулелік рулетка бар.

2019-2020 оқу жылында «Гидравлика» пәні бойынша №109 аудиторияға жалпы құны 17 млн ​​теңгеге жаңа заманауи зертханалық қондырғылар сатып алынып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2019 жылы «Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасында жаңадан екі дәрісхана ашылды:

1) №104 - Халықаралық экология және табиғатты пайдалану академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы,  профессор Төрехан Қарлыханұлы Қарлыханов атындағы дәрісхана

2) №300 - Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор, техника ғылымдарының докторы Серікбай Иманбайұлы Қошқаров атындағы дәрісхана.

 

М.Нәлібаев атындағы Су шаруашылығы мұражайы

Дәрісханалар 

 

«Су шаруашылығы және жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

TUT NEWS BY CATEGORY

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...