«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 71-07-45

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының тарихы

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» БББ 2023-2024 оқу жылынан бастап магистр, аға оқытушы Қуатбеков Шеризат Ниеталыұлы басқарып келеді. 

Қазіргі кезде БББ-ның профессор-оқытушылар құрамында: 2 ғылым кандидаты (Б.Х.Тютебаев, А.И.Абдулхасанов),  2 PhD докторы (Т.Д.Бимаханов, М.К.Мурзабеков,), 2 ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы (С.Ш.Мустафаев, А.Н.Аманов,), 3 магистр (С.Ө.Ержанов, Ш.Н.Қуатбеков,Ж.М.Аитимов) 7 аға оқытушы (Н.Б.Маханова, М.М.Мурзабеков, С.Т.Турспенбетова, А.В.Ким, А.М.Ким, Е.Қ.Байжанов, Б.Д.Турсунов) қызмет атқаруда.

БББ-ның материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талаптарына сай жабдықталған. 3 мультимедиялық қондырғымен, мамандық ерекшелігіне сәйкес дәрісханалар жаңа көрнекілік стендтермен жабдықталған. Және талапқа сай 4 спорт залы мен бастапқы әскери дайындық мамандығына арналған жазғы саптық алаңмен қамтамасыз етілген. Сонымен бірге оқу сабақтарына «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің базасын пайдаланады.

2024-2025 оқу жылына оқу ғимаратының ауласынан Жаздық баскетбол және волейболдан ашық ойын алаңы  оқу үдерісіне пайдалануға берілді.

БББ-ның оқытушы-профессорлар құрамы жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданады. Олардың негізгі ғылыми бағыттары: Мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулықтарын нығайту, жалпы білім беру мектептерінде спорттық ойындарды жаңа инновациялық технологиямен деңгейде жүргізу, әскер жасына дейінгі жастардың дене тәрбиесі мен әскери-патриоттық тәрбиенің өзара байланысын арттыру, мектептегі дене шынықтыру сабағында инновациялық технологияларды қолдану, дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық саласына білікті кәсіби мамандар дайындау.

БББ-да 2022--2023 оқу жылынан бастап студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен мақсатты шұғылдануына, ғылыми мақалалар, баяндамалар жазып, ғылыми жобалар дайындауына бағыт-бағдар беретін «СПАРТ» атты ғылыми үйірме жұмыс жасайды. Мақсаты жеке тұлғаның білім сатысындағы даму кезеңдері және оларды адам өмірімен, қоғаммен, медицинамен, спортпен, экологиямен, экономикамен байланысын жақсарту.

БББ білікті ғылыми мамандар дайындау мақсатында Ресейдің Орынбор мемлекеттік университеті, Қазан федералды университетімен және республикамыздың Алматы, Қарағанды, Тараз, Өскемен, Түркістан, Ақтау, Шымкент қалаларындағы жоғары оқу орындарымен, Дене тәрбиесінің ұлттық ғылыми-практикалық орталығымен тығыз әріптестік байланыс орнатқан.

2017 жылы мамыр айында ББ-ның аға оқытушылары Т.Д.Бимаханов, 2018 жылы М.Қ.Мырзабеков Қазан Федеральды университетінде педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін кандидаттық диссертацияларын сәтті қорғады.

БББ оқытушылары республикада және алыс, жақын шет елдерде өтетін халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен форумдарға, ғылыми журналдарға ғылыми мақалаларын тұрақты жариялап келеді.

2019 жылы бокстан Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Әлем чемпионатында Қ.Қоңқабаев күміс, Т.Құлахмет қола медаль иеленіп, Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. 2020 жылы Токио қаласында өткен  ХХХІІ-ші жазғы Олимпиадаға каратэ-додан М.Жаңбырбай мен боксшы Қ.Қоңқабаев қатысып, абырой биігінен көрінді. Қ.Қоңқабаев бокстан Қазақстан құрамасының капитаны ретінде олимпиада төрінде сәтті өнер көрсетіп, қола жүлдеген атанды. Бұл көрсеткіш БББ-ның сапалы білім беріп, даңқты спортшылар дайындауда өзіндік қалыптасқан дәстүрі бар екенін көрсетеді.

2017-2023 жылдар аралығында БББ-ның спортшы студенттері көптеген жарыстарда үздіктер қатарынан көрініп, ел абыройын асқақтатты. Атап айтсақ: грек-рим күресінен А.Сұлтанғали, самбошы М.Исағабылов, боксшы Қ.Тұрсынбай, Г.Ержан, ауыр атлетшілер А.Әмірбеков, Е.Жоламанов, каратэші М.Жаңбырбай, А.Шаукилов, Д.Камал, Б.Кубаш, А.Ердәулет, таеквондошылар Ж.Сапарбек, П.Жұбанова, Ж.Орынбек, Т.Қуанышбаев, дзюдошылар Адия Сайын, Махамбек Мөлдір, Жанерке Қуанышова, Шархан Нұрлыхан, Қалдыбек Айғали, Шынар Абатова,  Ақтоты Запир, стенд атудан А.Жалғасбек, А.Ким, И.Пеньков, гандболшы Н.Полуянко, К.Пупченкова шахматшы Ә.Серікбай, Н.Нұрғали, парадзюдошы О.Оразалыұлы, спортшы-студенттер республикалық, халықаралық деңгейдегі сайыстарда топ жарып аға буын үздік атлеттердің жетістіктерін лайықты жалғастырып келеді.

 

2025 Хорбатия төрінде грек-рим күресінен өткізілген Әлемдік додада 2014-2018 жылдары дене шынықтыру  және спорт мамандығында оқыған Айдос Сұлтанғали 21 ғасырда алғаш рет еліміздің қоржынына алтын жүлде салды.

 

Қазіргі таңда  БББ-да Қазақстан Республикасының Халықаралық деңгейдегі 8 спорт шебері, 30-дан аса Қазақстан Республикасының спорт шебері, 100-ге жуық Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер мен 80-нен астам І разрядты спортшылар білім алады. Олар облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі спорт додаларында еліміздің, университеттің намысын қорғап, мәртебесін көтеруде аянбай тер төгуде.

2017-2018 оқу жылында өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттап, Сыр өңірінен шыққан атақты спортшылармен таныстырып, оларды мақтан тұтып, үлгі алып, Туған Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастырып, спорттық даңқты әрі қарай жалғастыратын жастарды тәрбиелеу, насихаттау мақсатында «Спорт даңқы мұражайы» ашылды. Бұл мұражайдың университет, облыс тарихында алатын орны ерекше. Мұнда басқа да спорт мәліметтері көрініс тапқан.

2021 жылы Түркістан, Тараз, Алматы қалаларында өткен ХІ-жазғы Универсиада қорытындысы бойынша 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медель жеңіп алып университет тарихында тұңғыш рет жалпы командалық 5-орын иеленді.

2025 жылы Түркістан қаласы Халықаралық туризм және меймандостық университеті базасында өткізілетін жоғары оқу орындарының студенттері арасындағы ХІІІ жазғы универсиада қорытындысы бойынша  16 спорт түрінен 153 студент қатысып,. 3 Алтын, 10 Күміс,15 Қола иеленді.

Бастапқы әскери дайындық мамандығының студенттеріне тәжірибе алмасу мақсатында еліміздің Тараз, Өскемен қалаларындағы мемлекеттік жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуы жолға қойылған.

БББ оқытушылары республикалық, облыстық, университеттік деңгейдегі түрлі спорттық, мәдени-көпшілік, тәрбиелік іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымшылдықпен өтуіне атсалысып келеді. Олардың қатарында: Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Н.И.Шиндинді еске алуға арналған волейболдан республикалық турнир, профессор-оқытушылар мен қызметкерлер арасындағы «Сергектік және денсаулық» дәстүрлі спартакиадасы, 8-наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған волейбол, дартс, эстафетадан дәстүрлі жарыс, 22-наурыз мерекесіне арналған ұлттық ойындардан дәстүрлі жарыс, дәстүрлі студенттер спартакиадасы, әлемдік, республикалық, облыстық деңгейдегі өткізілген әртүрлі жарыстардың жүлделі үлесі осы кафедраның үлесіне тиесілі.

2022-2023 оқу жылынан бастап облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектептерінің базасында білім алушылардың кәсіби практикаларын, ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, спорттық шеберліктерін жетілдіру мақсатында кафедраның филиалдары ашылып, бірлесіп жұмыс жасауда.

БББ-ның тәрбие жұмысы ұлттық мәдениетті, рухты, өнерді, спортты, ұлттық құндылықтарды насихаттауға, ана тілін ардақтайтын, саналы, намысты ұрпақ тәрбиелейтін мәселелер бағытында тәлімгерлер жақсы шараларды жүзеге асырып келеді. Еліміздің төл мерекелеріне арналған тәрбие сағаттарын, спорт ардагерлермен, үздік спортшы түлектермен кездесулер өткізу дәстүрге айналған. Бұл іс-шаралардың студент жастарға берер тағылымы мен тәлім-тәрбиесі өте зор.

Республикадағы және Сыр спортындағы жарқын жетістіктерге өзіндік үлес қосып, даңқты спортшылар мен кәсіби білікті, майталман мамандарды түлетіп келе жатқан БББ-ның алдына қойған мақсаты айқын, болашағы кемел. Алдағы уақытта БББ ұжымы биік белестерді бағындырып, аға буын қалаған ізгі де іргелі жолды лайықты жалғастыра бермек. 

 

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы

>  «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасы мамандарды келесі білім беру бағдарламалары бойынша даярлайды:  
Бакалавриат
6В01404 (5В010400) – Бастапқы әскери дайындық; 
6В01405 (5B010800) – Дене шынықтыру және спорт (Мектептегі дене шынықтыру мұғалімі);
6В01422 (IP) – Дене шынықтыру және спорт білім беру бағдарламасы
 
Оқыту қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
05.04.2019 ж. 6В01404 (5В010400) - Бастапқы әскери дайындық және 6В01405, 6В01406 (5В010800) - Дене шынықтыру және спорт мамандықтарының білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге Халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден өтті.

Профессор-оқытушылар құрамы

Қуатбеков Шеризат Ниеталыұлы

  • Лауазымы: Білім беру бағдарламасының жетекшісі, магистр, аға оқытушы
  • Ақпарат

Бимаханов Талант Дүйсенұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, PhD доктор
  • Ақпарат

Мурзабеков Мейрамбек Қазбекұлы

  • Лауазымы: Аға оқытушы, PhD доктор
  • Ақпарат

Тютебаев Бахытжан Ханатович

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор м.а.
  • Ақпарат

Абдулхасанов Алексей Ильясович

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы
  • Ақпарат

Мурзабеков Мирамбек Махмутұлы

Турспенбетова Светлана Танабаевна

Маханова Нурсулу Базарбаевна

Ержанов Серик Умирзакович

  • Лауазымы: Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы
  • Ақпарат

Ким Алла Васильевна

Байжанов Еркебұлан Қазбекұлы

Турсунов Бекнур Дауренович

Төлегенов Асылбек Иманбайұлы

Әйтімов Жанболат Мұратбекұлы

Аманов Әбутәліп Нұрлыбекұлы

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы

Мамандар даярлауға арналған білім беру бағдарламасының оқу-материалдық базасы
- бастапқы әскери дайындық дәрісханасы;
- КСРО батыры, И.Журба атындағы әскери-патриоттық тәрбиелеу дәрісханасы;
- дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі дәрісханасы;
- спорттық пәндер дәрісханасы;
- бастапқы әскери дайындық оқыту әдістемесі дәрісханасы;
- атыс дайындығы дәрісханасы;
- шахмат оқу-әдістемелік дәрісханасы;
- спорттық ойындар және гимнастика залы;
- жекпе-жек залы;
- тренажер залы;
- спорт даңқы мұражайы;
- саптық дайындық сабағына арналған алаң;
- жазғы футбол ашық алаңы;  
- жазғы бакетбол және волейбол ашық алаңы.
 

«Шаңғы спорты» оқу-жаттығу жиыны


 
FKS-2.jpg        FKS-3.jpg
 
«Туризм» оқу практикасы 

FKS-4.jpg     FKS60.jpg
 
Білім беру бағдарламалары «Қайсар ҚМУ» ерлер волейбол командасы, «Қайсар ҚМУ» ерлер баскетбол командасы, «Қорқыт Ата ҚМУ» футзал командасы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында өтетін «Ұлттық Студенттік лига» ойындарына тұрақты қатысады.
 
 

НВП.png



«Қайсар-ҚМУ»  гандбол әйелдер командасы

НВП1.png

«Қорқыт Ата ҚУ» футзал командасы

НВП2.png

 «Қайсар ҚМУ» ерлер волейбол командасы

НВП3.png

«Қорқыт Ата ҚУ» ерлер баскетбол командасы

 

Спорттық-материалдық база



НВП11.png

«Сейхун»  спорттық – сауықтыру кешені

 

сейхун зал.png

«Сейхун» ССК  спорт залы




сейхун зал1.png


«Сейхун» ССК  спорт залы

 

сейхун1.png

«Сейхун» ССК жүзу бассейні


сейхун.png

«Сейхун» ССК жүзу бассейні

 

НВП15.png

«Сейхун» ССК жасанды шөп төселген
футбол алаңы

 

НВП16.png

«Сейхун» ССК жасанды шөп төселген
футбол алаңы,
жаттығу кешені

№4.png

№4 оқу ғимаратының тренажер залы

№4-1.png

№4 оқу ғимаратының тренажер залы

бокс зал.png

№3 студенттік жатақханадағы бокс залы

бокс зал1.png

№3 студенттік жатақханадағы бокс залы

НВП20.png

№9 оқу ғимаратының спорт залы

№4 тенис.png

№4 оқу ғимаратының үстел теннисі залы

 

№4тенис1.png

№4 оқу ғимаратының үстел теннисі залы

 

НВП24.png

№9 оқу ғимаратының күрес залы

 

№1.png

№1 оқу ғимаратының спорт залы

№1-1.png

№1 оқу ғимаратының спорт залы

№6-1.png

№6 оқу ғимаратының спорт залы

 

НВП21.png

Атыс дайындығы сабағы

НВП22.png

Саптық дайындық сабағы

НВП23.png

Лазерлік атыс тиріндегі сабақ

 

WhatsApp Image 2025-09-23 at 10.03.26.jpeg          WhatsApp Image 2025-09-23 at 10.03.26 (1).jpeg

Жазғы футбол ашық алаңы                       Жазғы бакетбол және волейбол ашық алаңы

 

 

«Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» білім беру бағдарламасының қабылдау комиссиясы

Бакалавриат: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Магистратура және докторантура: 

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Назарбаев даңғылы 15 (Абай 66а) №5 оқу ғимараты

Телефон номері: 8(7242) 23-53-92, 8 776 538 88 99

Қабылдау уақыты 
Дүйсенбі - жұма сағ. 9:00-18:00
Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

korkyt_ata_university - Instagram талапкерлерге Қорқыт Ата университетіне оқуға түсу туралы көбірек ақпарат алуға болады.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

AI-Sana бағдарламасы

толығырақ...

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...