Мұражай
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

Мұражай

 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің фотосуреттер галерея музейі


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің фотосуреттер галерея мұражайы университетіміздің 60 жылдық мерейтойына орай 1997 жылдың 17 қарашасында ашылды. Мұражайда әр түрлі құжаттық материалдар мен фотосуреттері, фотостенділер мен диаграмма-схемалары бар 57 экспозиция ұсынылған.

Қазіргі Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің қалыптасу тарихында өзіндік қолтаңбалары қалған, есімдері еліміздің жоғары білім беру ісінде өз орнын алған белгілі тұлғаларды мақтанышпен атай аламыз. Фотосуреттер галереясының арнайы бір блогы жоғары оқу орнына басшылық жасап, оның дамып, қалыптасуына өз үлестерін қосқан тұлғаларға арналған.

1937 жылдан бастап күні бүгінге дейінгі тарихи кезеңде білім ордасында ректор болып қызмет атқарған белгілі ғалым-ұстаздар, іскер ұйымдастырушылар.

Мекен-жайы: Студенттер сарайы, Ы.Жахаев көшесі, №75

Жұмыс уақыты: Дс-Жм, 09:00-18:30

WhatsApp Image 2023-01-23 at 09.47.48.jpeg WhatsApp Image 2023-01-23 at 09.47.49.jpeg
фото-галерея музейі.JPG фото-галерея 3.JPG
 

 

Археология және этнография ғылыми зерттеу орталығының көрме залы


«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының көрме залы 2011 жылдың 7-желтоқсанында ашылған.

Көрме залына Сыр өңіріндегі археологиялық және тарихи-мәдени ескерткіштердің зерттелу тарихына, өлкеде өркендеген археологиялық мәдениеттерге байланысты дайындалған арнайы тақырыптық стендтер мен археологиялық қазба жұмыстары нәтижесінде табылған жәдігерлер қойылған.

Мекен-жайы: Бас оқу ғимараты, Әйтеке би көшесі  29А 

05.jpeg Археологиялық көрме залы.JPG
 

 

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейі


Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген гидротехнигі Мәделхан Нәлібаев атындағы су шаруашылығы музейінің салтанатты ашылу рәсімі 2022 жылдың, 22 сәуірінде өтті.

Музейде Сыр еліндегі ежелгі елді мекендердің суландыру жүйелерінің пайда болу кезеңінен бастап, бүгінге дейінгі даму тарихы баяндалған. Аймақтың байырғы сыр мұрабтарының өмірі, ізін жалғастырған инженер-гидротехниктердің еңбегі, олардың зерттеулері мен карталары, тас бөгеті мен су тораптарының салынуы, су-шаруашылығы саласының өсіп өркендеуі суреттелген.

Мекен-жайы: №5 оқу ғимараты, Н. Назарбаев даңғылы, №15

IMG_4587.jpg IMG_4594.jpg IMG_4596.jpg
IMG_4599.jpg IMG_4604.jpg IMG_4605.jpg
IMG_4612.jpg IMG_4613.jpg  
 
 

Спорт даңқы мұражайы


Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры, академик Бисенов Қылышбай Алдабергенұлының қолдауымен 2018 жылы 15 қаңтарды өскелең ұрпаққа университеттен шыққан, Қазақ елінің атын әлемге танытқан атақты спортшыларды насихаттау, оларды мақтан тұтып, спорттық даңқты әрі қарай жалғастыратын жастарды тәрбиелеу мақсатында «Спорт даңқы мұражайы» ашылды.

Бұл мұражайдың университет, облыс тарихында алатын орны ерекше. Мұражайға атақты спортшылардың фотосуреттері, дипломдары, кубоктары, ескерткіш сыйлықтары, спортта пайдаланған спорттық заттары қойылды. Сонымен қатар, «Дене шынықтыру және сбастапқы әскери дайындық» кафедрасының негізін қалаушы, ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, профессор Н.И.Шиндиннің өмірдерегі, портреті, еліміздің әр аймағында басшылық қызмет атқарып, дене шынықтыру және спорт саласының дамуына үлес қосып жүрген түлектердің суреттері, қызметтері, профессор Ж.Егізбайұлының ғылыми еңбектері, кафедраға басшылық жасаған тұлғалардың фотосуреттері және т.б. қойылды. Мұражай жыл сайын спортшылардың, түлектердің жетістіктерімен толықтырылып келеді.

Мекен-жайы: №9 оқу ғимараты, Амангелді Иманов көшесі, №60

photo_5364028731385038831_y.jpg photo_5364028731385038832_y.jpg
 
 

Зоологиялық музейі


Мамандар даярлауда, кафедраның материалдық базасын нығайту барысында 2000 жылы «Биология, география және экология» кафедрасының меңгерушісі биология ғылымдарының кандидаты, профессор Төрехан Кемелқызының бастамасымен «Зоологиялық» музейі ұйымдастырылды. Музейдің құрылуына бастамашы болып, өз үлестерін қосқан оқытушы-профессорлар: Ө.С. Тапалов, Р.Х. Құрманбаев, О.Т. Айдаров. Кафедраға қарасты зоологиялық музейдің жәдігерлерімен толығуына үлкен үлес қосқан доцент Ө.С.Тапаловтың орны ерекше.

Музей жәдігерлерінің ішінде 1937 жылдан келе жатқан итбалық (тюлень), киік, қасқыр, жанат тәрізді ит, қабан, су құстары мен орман тоғай құстары бар.

Барлығы 215 экспонат бар.Оның: сүт қоректілері – 30, қос мекенділер – 4, балықтар – 14, құстар – 44, бауырымен жорғалаушылар – 12, мұхит және теңіз жануарлары (омыртқасыздар) – 15, паразиттер – 8, насекомдардың энтомологиялық коллекциялары – 50. Жануарлар қаңқалары мен анатомиялық ішкі құрылыстары көрсетілген ылғалды препараттармен толықтырылған.

Мекен-жайы: №9 оқу ғимараты, Амангелді Иманов көшесі, №60

photo_5364028731385038825_y.jpg photo_5364028731385038827_y.jpg
photo_5364028731385038829_y.jpg photo_5364028731385038826_y.jpg
   
 
   
 
 

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...