5 Студенттер үйі
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92

5 Студенттер үйі

Студенттер үйінде басқа облыстардан және аймағымыздың барлық ауданынан келген жастар орналасқан. Университетімізде жалпы 6 (4 университет балансында + 2 жеке ) студенттер үйі бар. Барлық талаптарға сай келетін 6 студенттер үйі және 1 жас ғалымдар мен қызметкерлер үйі қолданыста, онда  мыңнан астам студент жастар және 60 жас ғалымдар мен қызметкерлер орналасқан. Ал №1 студенттер үйі қазіргі таңда заманауи үлгіге сай жөндеу жұмыстарынан өтуде.  

Студенттер үйінде тұратын студенттердің барлық  мәселелерінің шешімін табу мақсатында арнайы студенттік кеңестер сайланған. Олар студенттерді студенттер үйіне орналастырумен және іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады.

Студенттік үйлерінде сымсыз Wі-Fі ғаламтор желісіне қолжетімділік бар. Аумағында білім алу мен демалысты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кешендер жұмыс істейді: «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, бокс залы, теннис залы және спорттық алаңдар.

Студенттер үйінде тұруға, оқуға және демалуға барлық жағдай жасалған. Студенттер үйінде оқу үшін арнайы оқу залдары мен демалыс бөлмелері жасақталған. Әртүрлі іс-шараларды өткізуге арналған Мәжіліс залы бар.

Студенттер үйі студенттер тұруына қажетті барлық қолайлығымен, қауіпсіздігімен ерекшеленеді. Студенттік үйлер бақылау камераларымен жарақтандырылған. Бейне бақылау әрбір қабатта жүргізіледі және күзет қызметімен бақыланады. Университетте барлық студенттер үйін қажет етушілер орынмен қамтамасыз етілген. Студенттік үйлер университет және жеке кәсіпкерлерге тиісті аумақта орналасқан.

Студенттер үйінің мекен-жайы мен телефондары
- №2 Студенттер үйі Жахаев көшесі №65,
- №3 Студенттер үйі Абай даңғылы №66Б
Тел: +7 (7242) 23-12-54
- №5 Студенттер үйі Ажарова көшесі №34,
Тел: +7 (7242) 30-10-46
- «ДиЛМАШ» ЖШС Студенттер үйі Ғ.Мұратбаев көшесі №1Б
- «Өркениет» Студенттер үйі Сұлтан Бейбарыс көшесі №4

 

IMGL8048.JPGIMGL8053.JPG

 

 

 

 

 

 

 

 

IMGL8058.JPGphoto-4.png

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...