Қызылорда қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 15 қазан 2024
  • 59

Қызылорда қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі кәсіби бағдар беру бойынша кездесу өткізді

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде кәсіби бағдар беру бойынша ата-аналар мен түлектерге арналған кездесу өтті. Жиында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Басқарма мүшесі - стратегиялық даму және IT жөніндегі проректор Махмұт Томанов университеттің артықшылықары мен стратегиялық дамуына  тоқталды.

dbcda19e-997c-47ff-a4c8-9bea085dc9b6.jfif

Кездесуге ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев және профориентолог, @eduser.online негізін қалаушы Айдос Жұманазаров қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде талапкерлердің жоғары оқу орындарына оңтайлы әдіспен құжат тапсыруы, мамандық таңдау, грант бөлінісі мен оған түсу ықтималдығына өз бетінше анализ жасау және мемлекеттік бағдарламалар мен түрлі лайфкахтар туралы айтылды. Сонымен қатар, халықаралық диплом алу және оқу орнын ауыстыру жолдары да түсіндірілді.  

“Бүгінгі кездесу барысында түлектерге сауалнама жүргіздік. Нәтижесінде басым бөлігі биология-химия пәндері мен мегаполис қалаларды таңдаған. Сонымен қатар, еңбек нарығының сұранысын ескермей, ата-аналар мен бітіруші түлектер білім гранты көп бөлінетін мамандықтарға таңдау жасайды.

Біздің мақсатымыз - әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға ықпал ету”,-деді Айдос Жұманазаров.

0be91308-39b3-43d0-adf4-17f4a25f4cbb.jfif

IMGL6544.JPG

Жиынға қалалық білім бөлімі басшысы Жанат Садуакасова, Қызылорда қаласы бойынша 57 мектептің түлектері, мектеп директорлары, орынбасарлары және ата-аналар қауымы қатысып, сала мамандарына көкейтесті сұрақтарын қойды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, тәжірибелерімен бөліскені үшін ризашылықтарын жеткізді. Қазіргі таңда Қызылорда облысының аудандарында түсіндірме жұмыстары жалғасын табуда.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің медиа орталығы
Байланыс телефоны: 8(7242) 26-21-34

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...