6B01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» XVII республикалық пәндік олимпиадасы
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 13 наурыз 2025
  • 297

6B01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» XVII республикалық пәндік олимпиадасы

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2025 жылдың 17-18 сәуірде Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша ХVІІ республикалық пәндік олимпиадасына қатысуға шақырамыз.

Олимпиадаға ҚР жоғары оқу орындарының 6В01202 «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс білім алушылары қатыса алады.
Команда құрамы – 4 білім алушыдан тұрады. Олимпиадаға қатысушыларда өздерімен бірге жеке куәліктері болуы тиіс. Команда жетекшісі болуы міндетті.

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ» АТТЫ  ОЛИМПИАДА БАҒДАРЛАМАСЫ 

ХVІІ Республикалық пәндік олимпиада төрт кезеңнен тұрады.
1-кезең. «Тәрбиеші-балабақшаның тірегі» атты командалардың таныстырылуы. Командалардың мектепке дейінгі білім беру саласында жұмыс істейтін болашақ педагогтердің өз мамандықтарының маңызын ашуға, креативті жетілдіруге, командамен бірлесіп ортақ мәселенің шешімін табуға деген әлеуеттік мүмкіндіктері анықталады (5 минут). 
Ескерту: Таныстырылым еркін, креативті форматта құпталады.
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
- тәрбиеші мамандығының маңызын ашу - 2 ұпай; 
- тақырыпқа сәйкестігі - 2 ұпай;
- қатысушылардың сөйлеу мәдениеті - 2 ұпай;
- креативтілігі - 2 ұпай;
- регламентті сақтауы - 2 ұпай.
Ең жоғары баға - 10 ұпай.

2-кезең. «Ертегілер еліне саяхат» атты екінші кезеңде командалар қазақ халық ертегілерін қазіргі уақытпен ұштастыра отырып, театрландырылған қойылым қояды. Қойылым барысында балаларда мына дағдылар (физикалық, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік) қалыптасатындай болуы керек. (7 минут)  
КРИТЕРИЙЛЕРІ: 
- актерлік шеберлігі – 2 ұпай;
- сахнада мәдениеті - 2 ұпай;
- ұлттық құндылықтардың дәріптелуі- 2 ұпай;
- импровизация – 2 ұпай;
- регламентті сақтауы- 2 ұпай.
Ең жоғары баға – 10 ұпай.

3 кезең. «Білімді мыңды жығар» тест (мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы, әдістемелер бойынша тест. Тест ұзақтығы - 40 минут)
МАҚСАТЫ: Мектепке дейінгі пәндер бойынша теориялық білімдерін тест тапсырмалары арқылы дәлелдеу.
Ескерту: Мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы (2 курс білім алушылары үшін); Мектепке дейінгі педагогика, балалар психологиясы, пән әдістемелері бойынша (3 курс білім алушылары үшін).
- тест сұрақтарының саны - 30;
- тестілеу уақыты - 40 минут; 
- әр командадан 4 қатысушы;
- жалпы командалық ұпай команданың барлық қатысушыларының жеке жетістіктері арасындағы арифметикалық орташа мәнді есептеу арқылы анықталады.
КРИТЕРИЙЛЕРІ: 
- әрбір дұрыс жауап үшін - 1 ұпай;
Ең жоғары баға – 30 ұпай.

4 кезең. «Ойна да, ойлан, Балақай!» (үй тапсырмасы, бейне ойын іс-әрекеті)
Мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік стандарт талаптары бойынша бірлескен ойын іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы балалардың физикалық, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қолдану, тәрбиелеу міндеттерінің бірлігін қамтамасыз ету. 
Білім алушылар мектепке дейінгі жастағы балалармен ойын іс-әрекеттерінің бейнежазбасын ұйымдастыру комитетіне 2025 жылдың наурыздың 15-не дейін жолдау қажет. (15 минут).
КРИТЕРИЙЛЕРІ:
- Ұйымдастырылған ойын әрекеттің кіріктірілуі (тақырыбы мен мазмұнының сайыстың белгіленген уақыттағы жыл мезгіліне, қауіпсіз білім беру жағдайларына сәйкес келуі) - 2 ұпай;
- Балалардың жас ерекшелігі, қажеттілігі, қызығушылығының ескерілуі - 2 ұпай;
- Балалар ойын әрекетін ұйымдастыруда қауіпсіз, жайлы, дамытушы, заттық-кеңістікті ортаны қолдануы  - 2 ұпай;
- Ойын әрекетінде жаңа әдістер мен жасанды интеллект элементін қолдану көрініс табуы- 2 ұпай;
- Ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, қазақ сөздік қорын дамыту - 2 ұпай;
Ең жоғары баға – 10 ұпай.

ОЛИМПИАДАНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНЕ ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ МЕН ТАПСЫРЫСТЫ РӘСІМДЕУ ТАЛАПТАРЫ

ХVІІ Республикалық пәндік олимпиадаға қатысуға өтінім мен үй тапсырмасын 2025 жылғы наурыз айының 15-не дейін төменде көрсетілген электрондық поштаға Erkon69@mail.ru жіберу қажет.
Мекен-жайы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Студенттер сарайы, Ыбырай Жақаев көшесі, 11. 
Байланыс телефондары: +7 702 917 2389, +7 702 169 8045, +7 777 354 5033
Жауапты тұлғалар:
1.Б.Ж.Бекжанова - PhD, БББ жетекшісі 
2. Г.Ш.Ерназарова – фил.ғ.к., аға оқытушы
3. Ж.Т.Баймаганбетова – п.ғ.к., аға оқытушы 
4. Г.К.Накыпова – п.ғ.м., аға оқытушы 

Олимпиадаға қатысушыларды тіркеу үшін төмендегі құжаттардың болуы тиіс:
- олимпиадаға қатысу өтініші (үлгі бойынша)
- қатысушының жеке куәлігі

Өтініш үлгісі

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...