Хабарландыру
ksu@korkyt.kz +7242 26-27-14, Қабылдау комиссиясы +7242 23-53-92
  • 02 тамыз 2024
  • 741

Хабарландыру

Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобаларының қаражаты есебінен білім беру гранттары

Жыл сайын 2015 жылғы 29 қыркүйекте қол қойылған Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "PSA" ЖШС, НКОК Н.В., "КПО Б.В." және "KAZENERGY" қауымдастығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында Солтүстік Каспий және Қарашығанақ жобалары шеңберінде бөлінетін қаражат есебінен оқу ақысын төлеуге кандидаттарды іріктеу жүргізіледі.


Жер қойнауын пайдаланушылар бөлетін қаражат есебінен оқуға ақы төлеуге кандидаттарды іріктеу жөніндегі конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады:  

1. жалпы білім беретін мектептердің (оның ішінде шағын жинақты мектептердің, гимназиялардың, лицейлердің, бейінді мектептердің)түлектері;

2. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (оның ішінде негізгі орта және (немесе) жалпы орта білім беру базасындағы училищелерде, колледждерде және жоғары колледждерде) білім алушылар;

3. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (ұлттық зерттеу университеті, ұлттық жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы, зерттеу университеті, университет, академия, институт және оларға теңестірілген ұйымдар) білім алушылар.

2024-2025
оқу жылына арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу 2024 жылғы 20 шілдеден бастап 2024 жылғы 31 тамызға дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.

 

Электрондық өтінімді жоғарыда көрсетілген мерзімде grant.kazenergy.com сайтында толтыру қажет.

 

1. Қазақстан Республикасының колледждеріне түскен және оқитын адамдар үшін конкурсқа қатысу шарттары:


2. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түскен және оқитын адамдар үшін конкурсқа қатысу шарттары:

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізімі:

1. Колледждерге түсетін және оқитын адамдар

2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына түсетін және оқитын адамдар

3. Өтініш беруге арналған нұсқаулық

 

Студенттерді оқытуды қаржыландыру бойынша шектеулер бар, олар туралы қосымша білу қажет.

 

Жоғары оқу орындарында білім алушыларға арналған мамандықтар тізімі

Колледж студенттеріне арналған мамандықтар тізімі

 

Іріктеуден өткен кандидаттардың тізімі комиссияның хаттамалық шешімінің қорытындысы бойынша "KAZENERGY" қауымдастығының сайтында орналастырылады.

ҚР жоғары оқу орындары мен колледждерінде медициналық мамандықтар бойынша оқуды жалғастыратын студенттерді қаржыландыру квота шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Барлық сұрақтар бойынша
8 (7172) 79 49 75 телефон нөміріне,
сондай-ақ
candidate@kazenergy.com эл. мекен-жайы хабарласыңыздар.

Қолжетімді қызметтер

PLATONUS

platonus.kz

E-univer

https://e-univer.korkyt.kz/

Call center

+7-7242-558877

МООK

МООK (Жаппай ашық онлайн сабақ)

Erasmus

erasmus

Сабақ кестесі

толығырақ...

Ғылыми кітапхана

толығырақ...